«Ауыр әрі әділетсіз жағдайлар көп болды»: Қайрат Нұртастың келіні оған қолдау білдірді
Әнші Қайрат Нұртас ұшақта төбелес шығарғаны үшін кінәлі деп танылып, сот шешімімен 15 тәулікке қамауға алынған еді.
Қайрат Нұртастың ортаншы інісі Аянның әйелі Әйгерім Саркенова желіде жазба жариялап, 15 тәулікке қамалған әншіге қолдау білдірді.
«Қоғамдық орындарда көпшілік қасыма келіп, отбасымызға қолдау білдіріп жатыр. Олардың бәріне бұл сынақ екенін айтып, жауап беремін. Осы 7 жыл ішінде ағамыздың басынан көптеген ауыр әрі әділетсіз жағдайлар өткеніне мен куәмін. Онда барлығына қарсы мықты имуннитет қалыптасқан секілді. Ата-анамыз көп уайымдап жүр.
Өз елінде мойындалу оңай емес, қиын жол екенін енді түсіндім. Аға туралы ел ішінде резонанс туып, жағымсыз нәрселер айтылса да, ол ештеңеге мән бермей, өзінің кім екенін дәлелдеп берді. Ол кісіден үйренетін бір нәрсе – туындаған қиындықтарды сабырмен жеңіп, тіпті жымиып жүріп жеңу. Жүрегін өкпеге толтырмау.Аға, сізге тек зор денсаулық тілегім келеді.
Аман болыңызшы!», – дейді Ә.Саркенова.