"Алданып қалып, пәтер жалдап жүр": Роза Әлқожа Нұрғали Нүсіпжановтың қазіргі жағдайы туралы айтты

Сонымен қатар, өнер иесі халық әртісінің ең үлкен арманы туралы да айтып қалды.

"Алданып қалып, пәтер жалдап жүр": Роза Әлқожа Нұрғали Нүсіпжановтың қазіргі жағдайы туралы айтты
сурет: instagram.com/roza_alqozha/
7291

Белгілі әнші, сазгер Роза Әлқожа халық әртісі Нұрғали Нүсіпжановқа сәлем беріп қайтты. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады

"Сазгер, әнші, ұстаз Бағлан Бәбіжан құрбымыз біраздан бері "ағаға барып қайтайық" деп жүрген. Кеше соның сәті түсті. Халық әртісі, бүгінгінің аңызы Нұрғали Нүсіпжанов ағамызға сәлем беріп бардық. Биыл сахнада жүргеніне 70 жыл толады екен. Өзі 87-ге келіпті. Аға жер үй сатып алсам деп жинаған бар ақшасын Шәуілдірден келген бір алаяққа беріп, енді соны ала алмай пәтерде жүр екен," – деп әңгімесін бастады әнші.

Сонымен қатар, өнер иесі халық әртісінің ең үлкен арманы туралы да айтып қалды.

"Екі әйелден бес қыз көрген бұл кісінің орындалмаған арманы – ұлды болу. Ұрпағының жалғасын көргісі келеді екен. Жас жеңгеміз де ЭКО-ның бар ғаламатын көріп баққан, болмапты. Ендігі бар үміті – бала асырап алып, ағаның атына жаздыру. Баладай мәпелеп күтіп жүрген бұрынғы журналисті де аядым. Нұрғали Нүсіпжанов әлеміне бойлап, жазу-сызуын да ұмытыпты. Қайтпек керек?! Алла маңдайға берген болса бәрі де болар," – деді Роза Әлқожа.

Серіктес жаңалықтары