12 шілдеде Ақтаудағы газ құю станцияларының бірінде автокөлік өртеніп кетті, деп хабарлады turkystan.kz.
Massaget.kz сайтының мәліметінше, оқиға 12 шілдеде, шамамен 19:42-де болды. 29а шағынауданындағы "Атбұлақ" жанармай құю станциясында Daewoo Nexia автокөлігі өртенді.
"Өрт салдарынан көліктің иесі - 34 жастағы ер адам шамалы күйік алды. Дәрігерлер тексергеннен кейін оны ауруханаға жатқызбай үйіне жіберді. Сағат 19:52-де өрт сөндірілді. Өрттің себебі анықталуда", - деп хабарлады өңірлік ТЖД.
Өртті сөндіруге: Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің екі техника және 14 өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің қызметкерлері, сондай-ақ бір техника және Апаттар медицинасы орталығының үш қызметкері жұмылдырылды.