Өмірде жоқ сұлулар арасында өткен сайыс: Әлемдегі алғашқы ЖИ аруы анықталды

Адамдар мен нейрожелілерден құралған қазылар алқасы оның әйел құқығын насихаттау және қоршаған ортаны қорғауға қосқан үлесін жоғары бағалаған.

Өмірде жоқ сұлулар арасында өткен сайыс: Әлемдегі алғашқы ЖИ аруы анықталды
сурет: waicas.com
515

Әлемдегі алғашқы "ЖИ аруы" байқауының жеңімпазы анықталды. Бұл атақты Марокколық "ару" иеленді

Шынайы өмірде жоқ модельдер арасында өткен әлемдегі алғашқы "ЖИ аруы" байқауында Мароккодалық Кенза Лейли жеңіске жетті.

Кенза Лейли 1 500 қарсыласын жеңіп шықты. Ол және оны жасаған адам 13 мың АҚШ доллары көлемінде сыйақы алады.

Адамдар мен нейрожелілерден құралған қазылар алқасы оның әйел құқығын насихаттау және қоршаған ортаны қорғауға қосқан үлесін жоғары бағалаған.

Серіктес жаңалықтары