Су басқан өңір түлектері грант конкурсына бұрынғы ҰБТ сертификатымен қатыса алады

2024 жылы жалпы грант санының 20 пайызы су тасқынынан зардап шеккен өңірлердің талапкерлеріне бөлінген

Су басқан өңір түлектері грант конкурсына бұрынғы ҰБТ сертификатымен қатыса алады
astanatv.kz
426

Ұлттық тестілеу орталығы су тасқынынан зардап шеккен өңірлердің мектеп түлектеріне осындай хабарландыру жасады, деп хабарлады turkystan.kz.

Биылғы тасқыннан зардап шеккен аймақтар — Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарыМұндағы талапкерлер үшін маңызды ақпарат бар.«Егер негізгі ҰБТ-дан төмен балл жинасаңыз, қаңтар немесе наурыз айларындағы ҰБТ-ның жоғары нәтижесімен грант конкурсына қатысу мүмкіндігіңіз бар. Осылайша қалауыңыз бойынша ең үздік ҰБТ нәтижесімен грант конкурсына қатыса аласыз» деп ескертеді орталықтан.

2024 жылы жалпы грант санының 20 пайызы су тасқынынан зардап шеккен өңірлердің талапкерлеріне бөлінген.

Естеріңізге сала кетсек, бұл аймақтың талапкерлері грант конкурсына құжатты 13-24 шілде аралығында тапсыра алады.

Серіктес жаңалықтары