Ертең Президенттің төрағалығымен Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысы өтеді

/
Ертең Президенттің төрағалығымен Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысы өтеді
Ақорда

13 қарашада Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің көлік-логистика саласын дамыту мәселелеріне арналған шұғыл отырысы өтеді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Айбек Смадияр Telegram арнасында мәлімдеді. Жиында еліміздің көлік-логистика саласының қазіргі жағдайы мен оны дамыту мәселелері қаралады. Сондай-ақ Мемлекет басшысы "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры мен "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы басшыларының сыбайлас жемқорлық қылмысына қатысы бар деген күдікпен ұсталуына байланысты мемлекеттің ұстанымын жеткізеді деп жоспарланған.

"Жиын барысында Президент "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры мен "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ басшыларының сыбайлас жемқорлық қылмысына қатысы бар деген күдікпен ұсталуына байланысты мемлекеттің позициясын жеткізеді. 

Сонымен қатар Мемлекет басшысы "Заң мен Тәртіп" қағидатын сақтау, ұлттық компания басшыларының жеке жауапкершілігі және еліміздегі стратегиялық маңызды кәсіпорындардың қызметіндегі заңдылық пен ашықтықты қамтамасыз ету мәселелеріне айрықша назар аударады", – делінген хабарламада.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары