Павлодарда нөмірін қағазбен жауып қойған жүргізушінің көлігі тәркіленді

/
Павлодарда нөмірін қағазбен жауып қойған жүргізушінің көлігі тәркіленді
istockphoto.com

Павлодар облысының Железин ауданында көлігінің нөмірін жапырақпен жауып қойған жүргізуші жауапқа тартылды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ол Пятерыжск ауылының маңында, Омбы-Майқапшағай тасжолында «Toyota Camry» маркалы автокөлігін жүргізіп келе жатып, мемлекеттік тіркеу нөмірі белгісін сәйкестердіруге жол бермеу мақсатында оны қағазбен жауып қойған. Құқық бұзушылық анықталғаннан кейін автокөлікті полиция қызметкерлері тәркіледі.

Жаза тағайындау кезінде сот оның кінәсін мойындауын, өкінуін және бұрын әкімшілік жауаптылыққа тартылмағанын ескерді. Жауаптылықты ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ.

Сот қаулысымен жүргізуші кінәлі деп танылып, оған екі тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу және бір жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айыру түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды.

Тәркіленген автокөлік заңды иесіне қайтарылды. Қаулысы заңды күшіне енді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл
Жаңалықтар