Боксшы Ақнұр Тұрсынғали жасөспірімдер Олимпиадасының күміс жүлдегері атанды

/
Боксшы Ақнұр Тұрсынғали жасөспірімдер Олимпиадасының күміс жүлдегері атанды
Спорт комитеті

Сенегал астанасы Дакарда өтіп жатқан IV жазғы жасөспірімдер Олимпиадасында қазақстандық боксшы Ақнұр Тұрсынғали күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды turkystan.kz.

57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің финалында отандасымыз бразилиялық Сара Кампоспен кездесті. Үш раундқа созылған жекпе-жекте төрешілер 4:1 есебімен қарсыласының басымдығын мойындады.

Екінші раундта Ақнұр нокдаунға түскенімен, айқасты соңына дейін жалғастырып, ел қоржынына күміс жүлде салды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл
Жаңалықтар