Қостанай облысында кәмелетке толмаған баланы ұрып-соққан азамат сотталды

/
Қостанай облысында кәмелетке толмаған баланы ұрып-соққан азамат сотталды
istockphoto.com

Қостанай облысының Ұзынкөл аудандық сотында кәмелетке толмаған адамға қатысты жасалған, денсаулыққа жеңіл зиян келтірмеген қасақана ұрып-соғу фактісі бойынша М.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды turkystan.kz.

2026 жылғы қыркүйекте сотталушы М. Ұзынкөл ауданының Сатай ауылындағы балалар алаңында жеке бас араздығы салдарынан туындаған жанжал барысында кәмелетке толмаған Г.-ның денесіне денсаулығына зақым келтіру түрінде, атап айтқанда, сол жақ кеуде тұсын соғып, дене жарақатын салған. Соның салдарынан жәбірленуші физикалық ауырсынуды сезінген.

Сотталушы өз кінәсін толық мойындады.

Жаза тағайындау кезінде сот қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жайлар ретінде шын жүректен өкінуін, қылмыстық теріс қылықты алғаш рет жасағанын, сондай-ақ жас балаларының болуын ескерді. Іс бойынша жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ.

Сотталушының жеке басын, жасалған әрекеттің сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесін және істің барлық мән-жайларын ескере отырып, сот М.-ға 100 сағат мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жаза тағайындады.

Сонымен қатар, сот сотталған М.-ның мінез-құлқына алты ай мерзімге ерекше талаптар белгіледі. Атап айтқанда, жәбірленушінің еркінен тыс оны іздеуге, қудалауға, оған баруға, ауызша және телефон арқылы сөйлесуге, сондай-ақ өзге де тәсілдермен байланысқа түсуге тыйым салынды.

Сотталушы М.-дан жәбірленуші тараптың пайдасына моральдық және материалдық зиянды өтеу сомасы өндірілді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары