Франция Еуропа чемпионатының ширек финалына өтті

Германияның Дюссельдорф қаласында өткен ойында 1:0 есебі тіркелді.

Франция Еуропа чемпионатының ширек финалына өтті
Сурет: www.istockphoto.com

Футболдан Франция ұлттық құрамасы Бельгияны ұтып, ширек финалға жолдама алды, деп хабарлады turkystan.kz.

Ойындағы жалғыз голды 85-минутта соғылды. Коло-Муани тепкен доп қарсылас команданың ойыншысы Ян Вертонгеннің аяғына тиіп, қақпаға кірді.

Айта кетейік, бұл биылғы Еуропа чемпионатында соғылған 9-шы автогол. 

Енді франциялық футболшылар Португалия – Словения арасындағы ойынның жеңімпазымен жолығады.