Қазақстандық теннисшілер халықаралық турнирлерде чемпион атанды

Алматыда Айя ресейлік Полина Кухаренкомен бірге финалда қазақстандық Полина Слепцова – америкалық Амина Салибаеваны 6:1, 6:4 есебімен жеңді.

Қазақстандық теннисшілер халықаралық турнирлерде чемпион атанды
ҚТФ

Қазақстандық жасөспірім теннисшілер ITF турнирлерінде сәтті өнер көрсетті. Айя Нұпбай жұптық сында ITF J200 Juniors Almaty жарысының чемпионы атанды. 

Алматыда Айя ресейлік Полина Кухаренкомен бірге финалда қазақстандық Полина Слепцова – америкалық Амина Салибаеваны 6:1, 6:4 есебімен жеңді.

Қырғызстанның Шолпан-Ата қаласында ITF J60 Juniors додасы мәресіне жетті. Мұнда София Исакова жекелей сында отандасы Ариана Колбасинадан айласын асырды – 6:1. 

Бір апта бұрын осы Шолпан-Атада София жекелей сында ITF J30 турнирінде үздік шыққан еді.