Әлихан Мәулет батуттағы гимнастикадан әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанды

/
Әлихан Мәулет батуттағы гимнастикадан әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанды
Оlympic.kz

Қазақстан құрамасының өкілі Әлихан Мәулет батуттағы гимнастикадан жас ерекшеліктері бойынша Нанкинде (Қытай) өткен әлем чемпионатында күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қазақстандық спортшы 17-21 жас аралығындағы гимнастар арасында қос шағын батутта өнер көрсетіп, финалда екінші орынға ие болды.

Бірінші орынды 28,600 ұпай жинаған ресейлік Лев Бусарев иеленді. Ал америкалық Кейсен Мааг 23,900 ұпаймен қола жүлдеге қол жеткізді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл
Жаңалықтар