Ақтөбе облысында жүк көлігі өртенді

Зардап шеккендер жоқ

Ақтөбе облысында жүк көлігі өртенді
ТЖМ

Өрт сөндірушілер жанып жатқан жүк көлігін сөндірді, деп хабарлады turkystan.kz.

ТЖМ мәліметінше, Ақтөбе облысының аумағында «Ақтөбе-Атырау-Астрахань» республикалық маңызы бар автожолының 270-шақырымында азық-түлік тауарлары тиелген жүк көлігі жанды.

ТЖМ күштерімен өрт жойылды. Зардап шеккендер жоқ.