Сыныптастар 50 жыл бұрын өткізілмей қалған мектеп бітіру кешін ұйымдастырды

1974 жылы мектеп бітіру кеші футбол стадионында өтпек болған.

Сыныптастар 50 жыл бұрын өткізілмей қалған мектеп бітіру кешін ұйымдастырды
Sterling Crim/bbc.com

Оклахома штатына қарасты Мур қаласындағы мектепті 1974 жылы бітірген түлектер араға 50 жыл салып, мектеп бітіру кешін ұйымдастырды, деп хабарлайды turkystan.kz bbc.com-ға сілтеме жасап.

1974 жылы мектеп бітіру кеші футбол стадионында өтпек болған. 500-ге жуық түлек ата-аналарымен бірге футбол стадионына жиналып, маңызды сәтті асыға күтіп тұрған. Алайда кеш енді басталып жатқанда мектеп әкімшілігінің өкілдері ортаға шығып, аймаққа торнадо жақындап келе жатқанын, тез арада қауіпсіз жерге жасырынып үлгеру керек екенін хабарлаған. Ал ертесі мектеп әкімшілігі оларға ешқандай рәсім өткізбей-ақ, аттестаттарын алып кетуді бұйырған.

Араға жарты ғасыр салып, 200-ге жуық түлек өткен сенбі күні арнайы мантия киіп, сахнаға көтеріліп, аттестаттарын алды.