1,2 млрд теңге шығын: Жетісу облысында ақбөкен мүйізін заңсыз сақтаған күдікті ұсталды

Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр

1,2 млрд теңге шығын: Жетісу облысында ақбөкен мүйізін заңсыз сақтаған күдікті ұсталды
polisia.kz
548

Жетісу облысында ақбөкен мүйізін заңсыз сақтаған күдікті ұсталды, деп жазады turkystan.kz.

Ол мемлекетке 1 млрд 284 816 000 теңге шығын келтірген. 39 жастағы ер адамның баспанасын тінту кезінде үйдің шатырына жасырылған 7 қораптан 464 дана ақбөкен мүйізі табылған.

Табиғатқа келтірілген зиян - 1 млрд 300 млн теңгеге жуық.

Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Сотқа дейінгі тергеу басталды.

Серіктес жаңалықтары