Оңтүстік Африкадағы торнадо салдарынан 11 адам қаза тапты

Оңтүстік Африканың Ауа райы қызметі аймақта екі торнадо соғып, провинцияға айтарлықтай зақым келгенін растады.

Оңтүстік Африкадағы торнадо салдарынан 11 адам қаза тапты
сурет: Rajesh Jantilal/AFP/Getty Images

Оңтүстік Африкадағы торнадо салдарынан 11 адам қаза тапты. Бұл туралы euronews.com жазды.

Сондай-ақ жойқын дауылдан үйлер мен инфрақұрылымға айтарлықтай зиян келген. Төтенше жағдай қызметкерлері оқиға орнында көмек көрсетіп жатыр, ал қауіпсіз жерге көшірілген тұрғындар мемлекеттік ғимараттарды паналайды.

Оңтүстік Африканың Ауа райы қызметі аймақта екі торнадо соғып, провинцияға айтарлықтай зақым келгенін растады.