Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әнші әрі композитор Біржан Хасанғалиев жаңа қызметке кірісті, деп хабарлайды turkystan.kz.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті шешімімен Біржан Ескендірұлы Хасанғалиев Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясы директорының менеджмент және маркетинг жөніндегі орынбасары болып тағайындалды.
Филармония ұжымы Біржан Хасанғалиевті жаңа қызметімен құттықтап, алдағы жұмысына табыс тіледі.
"Біржан Ескендірұлын жаңа қызметімен шын жүректен құттықтай отырып, шығармашылық шабыт, толағай табыс және жаңа белестер тілейміз! Жаңа қызметіңіз жемісті болсын!" – делінген филармонияның хабарламасында.