Қарағанды маңында жолаушылар автобусы жолдан шығып кеткен

/
Қарағанды маңында жолаушылар автобусы жолдан шығып кеткен
видеодан скриншот

Қарағанды маңында "Газель" көлігі мен жолаушылар автобусы соқтығысып, төрт адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жол апаты Қарағандыдан шамамен үш шақырым жерде, ірі мал шаруашылығы кешені маңында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, "Газель" автокөлігі мен "Қарағанды – Жайрем" бағытындағы автобус соқтығысқан.

Соққы салдарынан ішінде жолаушылары бар автобус жол жиегіндегі орға шығып кеткен.

Жол-көлік оқиғасынан төрт адам зардап шекті. Олардың қатарында "Газель" жүргізушісі мен жолаушысы, сондай-ақ автобустың екі жолаушысы бар. Барлығы медициналық мекемелерге жеткізілген.

Қарағанды облыстық полиция департаменті жол апаты дерегі тіркелгенін хабарлады.

"Құқық қорғау органдары оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр. Жүргізушілерді жылдамдық режимін, арақашықтықты сақтауға және жол мен ауа райы жағдайларын ескеруге шақырамыз", – делінген полиция хабарламасында.

Қазіргі уақытта жол апатының нақты себептері анықталып жатыр.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары