Актер Кемеңгер Орал туған күнінде Димаш Құдайбергеннен ерекше сыйлық алды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Ол әлеуметтік желідегі парақшасында танымал әншінің өзіне көлік сыйлағанын айтып, қуанышымен бөлісті.
Кемеңгер Оралдың сөзінше, туған күні мен премьерасы қатар келген сәтте Димаштың тосынсыйы бұл күнді одан әрі ерекше еткен.
"Аға, сізбен бірге жүрген осы уақыт ішінде көп нәрсе үйрендім. Әрдайым қолдау көрсетіп, сенім білдіріп, еңбегімді бағалап келе жатқаныңыздың өзі мен үшін үлкен бақыт. Бұл сыйлықты маған деген сеніміңіздің, адам әрі аға ретінде әрдайым қолдап жүргеніңіздің белгісі деп білемін", – деп жазды актер.
Сондай-ақ Кемеңгер Орал Димаш Құдайбергенмен бірге жүріп, өнер жолындағы маңызды сәттерге куә болуды өзі үшін үлкен мәртебе санайтынын жеткізді.
"Ағайын, легендадан көлік алдым сыйлыққа. Құттықтап қойсаңыздар болады! Әуелі Алла, сосын сізге рақмет, аға!" – деп жазды ол.
Актер Димаш Құдайбергенге көрсеткен қолдауы мен сенімі үшін алғыс білдірді.