Непалда 10 күн бойы үйінді астында қалған әйел тірі табылды

/
Непалда 10 күн бойы үйінді астында қалған әйел тірі табылды
ашық дереккөзден

Непалда 64 жастағы әйел су тасқынынан кейін 10 күн бойы үйінді астында қалып, тірі құтқарылды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жергілікті полиция мәліметінше, Чандика Шрестха Бидур муниципалитетінің №10 ауданындағы Бетравати елді мекенінің тұрғыны.

Ол 26 тамызда Бхотекоши өзені алабында болған жойқын су тасқыны кезінде отбасының төрт мүшесімен бірге із-түзсіз жоғалып кеткен.

Қарулы полиция күштері әйелді Нувакоттағы Бетравати елді мекенінде үйінді астында қалған төрт қабатты үйдің жоғарғы қабатынан тапқан.

Чандика Кумари Шрестха сенбі күні Ананд Шрестхаға тиесілі үйден ес-түссіз күйде табылып, қауіпсіз жерге шығарылды.

Құтқару операциясына инспектор Суман Кумар Б.К. жетекшілік еткен Қарулы полиция күштерінің тоғыз қызметкері қатысқан.

Осылайша, табиғи апаттан кейін 10 күн бойы үйінді астында қалған әйел аман табылды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар