Үндістан тауларында аю екі әйелге шабуыл жасаған

/
Үндістан тауларында аю екі әйелге шабуыл жасаған
pixabay.com

Үндістанның Уттаракханд штатында аю екі әйелге шабуыл жасап, салдарынан олардың бірі қаза тауып, екіншісі ауыр жарақат алды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Garhwal Post мәліметінше, оқиға Чамоли ауданындағы Сидели-Ток аймағында болған.

56 жастағы Вимла Деви мен Лакшми Деви таулы жерде жүрген кезде оларға кенеттен аю шабуыл жасаған. Әйелдер жабайы жануардан қашуға әрекеттенген.

Осы сәтте Вимла Деви жартастан құлап, алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмған. Ал Лакшми Деви ауыр жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Кейін ол мамандандырылған медициналық орталыққа ауыстырылған. Оқиға орнына полиция, жергілікті әкімдік және орман департаментінің қызметкерлері барған.

Жергілікті тұрғындар аюды ұстап, елді мекендер маңындағы патрульдік бақылауды күшейтуді талап еткен.

Тұрғындардың айтуынша, соңғы уақытта Уттаракхандтың таулы аудандарында аюлардың адамдарға шабуыл жасау жағдайлары жиілеген. Осыған байланысты халық биліктен елді мекендерге жақын аумақта жабайы жануарларды бақылауды күшейтуді сұрап отыр.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары