Қытай Халық банкі тамыз айында ресми алтын қорын 650 мың унцияға ұлғайтып, 76,73 млн унцияға жеткізді. Осылайша, айлық өсім көлемі үш жылға жуық уақыттағы ең жоғары көрсеткішке жетті, деп хабарлайды turkystan.kz.
ҚХР орталық банкі бағалы металдар қорын қатарынан 22-ай бойы арттырып келеді. Тамыздағы сатып алу қарқыны 2023 жылғы қазандағы көрсеткішке жақындады. Сол кезде реттеуші алтын қорына 740 мың унция қосқан болатын.
Тамыз айының соңында Қытайдың валюта резервтері өткен аймен салыстырғанда 19,5 млрд долларға өсіп, 3,4383 трлн долларды құрады. Осылайша, резервтер қатарынан екінші ай бойы артты.
Мемлекеттік валюта басқармасының мәлімдеуінше, өсім тамыз айында АҚШ доллары индексінің төмендеуі аясында орын алған. Бұл ретте әлемдегі негізгі қаржы активтерінің бағалары әртүрлі бағытта өзгерді.
Бұған дейін Нидерландтың АҚШ пен Канададан алтын әкеткені хабарланған болатын.