"Бірден таныдым": Қазақстандық азамат Аустралияда тапқан ерекше олжасын көрсетті

/
"Бірден таныдым": Қазақстандық азамат Аустралияда тапқан ерекше олжасын көрсетті
depositphotos.com

Қазақстандық азамат Аустралияның Сидней қаласындағы кітап дүкенінен қазақтың асығына ұқсас балалар ойынын көріп, ерекше олжасын әлеуметтік желіде бөлісті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оның айтуынша, ойынға арналған сүйектер бірден таныс болып көрінген.

"Бірнеше ай бұрын Сиднейдегі кітап дүкенін аралап жүріп, өзіме таныс асық ойынына кезіктім. Мойындаңыздар, араларыңыздан кім мұнда бизнес ашып алған?" – деп жазды ол.

Желі қолданушылары суреттегі ойынның әлемнің әртүрлі елінде «knucklebones» атауымен белгілі екенін атап өтті.

Кейбір пікір иелері мұндай ойыншықтардың пластиктен жасалған нұсқаларын Қазақстанда да кеңінен шығаруға болатынын жазған.

"Бұл knucklebones қой. Халықаралық ойын", "Әттең, Австралияда бар, бізде жоқ", "Қызықты олжа екен", – деп пікір қалдырды қолданушылар.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары