Қазақстанның жас математиктері халықаралық олимпиадада 4 медаль жеңіп алды
Құрама команданың жетекшісі – Ибрагим Ибатулин.
Өзбекстан астанасында көршілес алты елден: Өзбекстан, Қазақстан, Қырғызстан, Әзірбайжан, Түркіменстан және Тәжікстаннан келген 135 оқушы арасында Әл-Харезми атындағы халықаралық математика олимпиадасы өтті, деп хабарлады Оқу-ағарту министрлігі.
Қазақстан құрамасы 100% нәтиже көрсетіп, төрт медаль жеңіп алды:
2 алтын, 1 күміс және 1 қола иегерлері : Шерхан Жақсылық - Ақтөбе облыстық дарынды жасөспірімдерге арналған «Білім-инновация» мамандандырылған мектеп-интернатының 9-сынып оқушысы;
Орынбасар Бердібек - Атырау облыстық №1 «Білім-инновация» лицей-интернатының 9-сынып оқушысы;
Темірлан Әбішев - Атырау облыстық №1 «Білім-инновация» лицей-интернатының 9-сынып оқушысы;
Батырхан Аружан – Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің 8-сынып оқушысы.
Құрама команданың жетекшісі – Ибрагим Ибатулин, «Үздік педагог» номинациясының иегері, халықаралық және республикалық олимпиадалардың жеңімпазы.
Естеріңізге салсақ, бірінші олимпиада 2023 жылы өтіп, оған 5 елден 72 қатысушы жиналған. Онда Қазақстан құрамасы екі алтын, екі күміс медальді еншіледі.