Германияда ер адам жүкті әйелін басынан атып, тағы төрт адамды жаралады

Полиция қылмыстың себебін отбасындағы дау-дамайдан туындады деп санайды

Германияда ер адам жүкті әйелін басынан атып, тағы төрт адамды жаралады
Ашық дереккөз
749

Германияның Хаген қаласында 34 жастағы ер адам жүкті әйелін басынан атқан, деп жазады turkystan.kz Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.

Полиция мәліметінше, Хохштрассе көшесінде орналасқан үйде бірнеше оқ атылған, осыдан кейін қылмыскер жоғарыдағы еденге көтеріліп, көршілерінің жабық есігіне оқ атқан.

Артынша ер адам көлігіне отырып, үйден екі шақырым жердегі шаштаразға барады. Сол жерде тағы төрт адамға оқ атады. Дәрігерлер қазір басына оқ тиген әйел адамның өмірі үшін күресіп жатыр.

Арнайы қызмет қылмыскер болуы мүмкін аймақта операция жүргізіп жатыр. Тәртіп сақшылары қазір орманды алқапта іздеу жүргізіп жатыр.

«Мен қылмыскердің сөмкесін алып, Netto автотұрағында Мерседес көлігіне қарай бара жатқанын көрдім. Содан кейін ол полицияны көріп, тұраққа іргелес орманға қашып кетті. Екі полиция қызметкері оған тоқта деп айғайлағанмен, ол артына қарайлаған жоқ», - деді куәгерлердің бірі.

Полиция қылмыстың себебін отбасындағы дау-дамайдан туындады деп санайды.

Серіктес жаңалықтары