Қазақстандық футболшы Абат Айымбетов түркиялық "Адана Демирспор" клубы сапындағы алғашқы голын соқты, деп жазады turkystan.kz.
Inbusiness.kz сайтының жазуынша, кеше "Адана Демирспор" ел біріншілігінде "Антальяспор" командасымен кездескен.
Қазақстандық футболшы 46-минутта жасыл алаңға шығып, 65-минутта қарсылас команда қақпасын дәл көздеді. Оған бір командада ойнайтын әріптесі, алжирлік Юсеф Атал пас шығарып берді.
Кездесу барысында "Адана Демирспор" қарсыласына 1:2 есебімен жол берді.
Абат Айымбетов "Адана Демирспор" клубына биыл ақпан айында ауысты.