Әйгілі Диего Марадонаның «Алтын добы» аукционға қойылмақ

Диего Марадона 2020 жылғы 25 қарашада жасында қайтыс болған

Әйгілі Диего Марадонаның «Алтын добы» аукционға қойылмақ
Фото: Aguttes / Yann Vernerie

Футболдан Аргентина құрамасының ойыншысы Диего Марадонаның «Алтын добы» 6 маусым күні Францияда өтетін аукционға қойылады, деп хабарлайды turkystan.kz Коммерсант-қа сілтеме жасап.

Марадона бұл марапатқа 1986 жылы Мексикада өткен әлчем чемпионатының үздік ойыншысы атанған соң лайық деп танылған болатын. Аргентина құрамасы сол чемпионаттың финалында Германия командасын 3:2 есебімен жеңді.

Диего Марадона 2020 жылғы 25 қарашада жүрек талмасынан 60 жасында қайтыс болған. Ол Аргентина ұлттық құрамасында ойнаған 1977–1994 жылдар аралығында 91 кездесу өткізіп, жалпы саны 34 гол соққан.