Париж-2024: Атыраулық балуан Сырбаз Талғат Олимпиада жолдамасына таласуға мүмкіндік алды

Аталған жарысқа спортшы Талғат Сырбаз қатысады

Париж-2024: Атыраулық балуан Сырбаз Талғат Олимпиада жолдамасына таласуға мүмкіндік алды

Бішкекте өткен Олимпиада жолдамасы сарапқа салынған додада спортшыларымыз 57 кг, 65 кг, 74 кг салмақтар бойынша жолдаманы жеңіп алмады.

Бүгін ресми түрде Республикалық күрес түрлері федерациясының шешімімен 9-12 мамыр аралығы Түркия елінде өтетін жолдама үшін таласқа ұлттық құрама сапындағы екінші нөмерлі палуандар қатысады, деп хабарлады turkystan.kz.

Аталған жарысқа 74 кг салмақтағы екінші нөмерлі палуан Атырау облысының белді спортшысы Талғат Сырбаз қатысады.