Лицензиялық турнир: бүгін бозкілемге кімдер шығады

Аталған турнирде Париж олимпиадасының жолдамасына Қазақстаннан 6 балуан қыз таласады

Лицензиялық турнир: бүгін бозкілемге кімдер шығады
Ұлттық олимпиадалық комитет

Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында күрес түрлерінен өтіп жатқан лицензиялық турнирдің екінші жарыс күні боз кілемге бұрымды балуандарымыз шығады, деп жазады turkystan.kz.

Kazinform агенттігінің мәліметінше, азиялық іріктеу турнирінде әйелдер он екі Олимпиада жолдамасын сарапқа салады. Аталған турнирде Париж олимпиадасының жолдамасына Қазақстаннан 6 балуан қыз таласады.

Қазақстан құрамасының атынан белдесетін балуандар:
50 келі - Ғаниқызы Лаура
53 келі - Жұлдыз Эшимова
57 келі - Эмма Тисина
62 келі - Ирина Кузнецова
68 келі - Елена Шалыгина
76 келі - Жәмила Бақбергенова.

Алғашқы іріктеу сындары Астана уақытымен 9:30-да басталса, финалдық бәсекелер 17:00-ге жоспарланған.

Аталған лиензиялық турнирде Олимпиада жолдамасы тек финалға шыққан балуандарға беріледі.