Қазақстанға Садыр Жапаров ресми сапармен келді

Тоқаев Жапаровты елорда әуежайында қарсы алды.

Қазақстанға Садыр Жапаров ресми сапармен келді
akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға ресми сапармен келген Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровты елорда әуежайында қарсы алды, деп хабарлады turkystan.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Мәртебелі қонақты салтанатпен қарсы алу үшін Құрмет қарауылы сап түзеп тұрды. Сапар аясында ертең жоғары деңгейде екіжақты келіссөздер жүргізіледі және бірқатар маңызды құжатқа қол қойылады деп жоспарланып отыр.