Париж Олимпиадасына билет сатыла бастады

Билеттердің жартысынан астамының құны 100 еуродан төмен.

Париж Олимпиадасына билет сатыла бастады
pixabay.com

Париждегі жазғы Олимпиада ойындарына 250 мың жаңа билет сатылымға шықты, деп хабарлады turkystan.kz.

24.kz мәліметінше, ол дүбірлі доданың басталуына 100 күн қалуына орайластырылған.

Билеттердің жартысынан астамының құны 100 еуродан төмен. Жалпы спорттық шараға 10 миллиондай билет сатылымға шыққан. Олардың бағасына қатысты көп сын айтылып келді.

Өйткені арзандарының дені оқушылар, волонтерлер мен мүмкіндігі шектеулі жандарға алдын ала тапсырыспен алынып қойған.