Тоқтарбек Айдарбек сурдо дзюдодан әлем чемпионы атанды

Ол финалда оңтүстіккореялық Джунгму Янгты уақытынан бұрын иппон әдісімен ұтты

Тоқтарбек Айдарбек сурдо дзюдодан әлем чемпионы атанды
Дзюдо федерациясы

Қазақстандық спортшы Тоқтарбек Айдарбек Түркістанда сурдо дзюдодан өтіп жатқан әлем чемпионатында жеңімпаз атанды, деп хабарлады turkystan.kz kazinform-ға сілтеме жасап.

100 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдескен Тоқтарбек финалда оңтүстіккореялық Джунгму Янгты уақытынан бұрын иппон әдісімен ұтты.

Жартылай финалда отандасымыз жапониялық Томоко Такахашиден басым түскен болатын.