Павлодар облысында 44 жастағы әйел із-түзсіз жоғалып кетті

44 жастағы тұрғыны Солтан Жанар Әмірғалиқызы 6 сәуірде үйінен шығып кетіп, сол күйі кері оралмаған.

Павлодар облысында 44 жастағы әйел із-түзсіз жоғалып кетті
polisia.kz
791

Май ауданы Малайсары ауылында 7 сәуірде 44 жастағы әйелдің жоғалғаны туралы полицияға хабарлама түскен. Полицияға жоғалған әйелдің қызы көмекке жүгінген.

44 жастағы тұрғыны Солтан Жанар Әмірғалиқызы 6 сәуірде үйінен шығып кетіп, сол күйі кері оралмаған. Қызының айтуынша, бұған дейін мұндай жағдай болмаған.

«Жедел уәкілдер дереу барлық аумақтық полиция бөлімшелеріне және жақын маңдағы облыстарға жіберілетін бағдарды әзірледі. Жақын маңдағы ауылдарды, шалғындарды, жайылымдарды және шалғынды жерлерді, Ертіс өзенінің жағасы қарастырылды. Әйелдің туыстары, көршілері, таныстары, вокзалдар, тас жолы бойы да тексеріліп, пысықталуда. Жоғалған адамның орналасқан жерін анықтау бойынша іс- шаралар жалғасуда», - делінген Павлодар облысы ПД хабарламасында.

Жоғалған әйелдің белгілері: бойы шамамен 165-170 см, дене бітімі - арық, шашы - селдіреген, сөйлеу кемістігіне байланысты ІІ-ші топтағы мүгедектігі бар. Үстінде қара түсті куртка, тізеге дейін түсетін қызыл түсті юбка, көк түсті қалпақ, көк түсті калошы бар.

Полиция әйелдің орналасқан жері туралы білетін кез келген адамнан 102 немесе 8 (718-2) 39-12-32 нөмірлеріне қоңырау шалуды сұрайды. Анонимділікке кепілдік беріледі.

Серіктес жаңалықтары