Алматыда көліктің үстіне ағаш құлады

/
Алматыда көліктің үстіне ағаш құлады
instagram.com/kris_p_almata

Алматының Түрксіб ауданында ағаш құлап, тұрақта тұрған көліктерге зақым келді. Оқиға 5 қазанда Ақан Сері көшесі, 20 мекенжайында болған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Әлеуметтік желіде тараған видеода құлаған ағаштың көліктердің үстіне түскені көрінеді. Куәгердің айтуынша, оқиға салдарынан екі автомобиль зақымданған.

Алматы қаласының Экология және қоршаған орта басқармасы ағаштың құлағанын растады.

"Дегенмен оның орнықтылығына тамыр жүйесінің жағдайы, топырақ ерекшеліктері және ауа райы, соның ішінде жауын-шашын мен топырақтың ылғалдануы әсер етуі мүмкін", – деп хабарлады басқарма.

Мамандардың мәліметінше, ағаш құлағанға дейін сырттай зақымдану белгілері байқалмаған. Сондықтан оның нақты неден құлағанын қазір анықтау мүмкін емес.

Құлаған ағашты мердігер ұйым кесіп, аумақтан алып кеткен.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар