"Сағынамын": Месси Аргентина құрамасындағы соңғы матчы алдында пікір білдірді

/
"Сағынамын": Месси Аргентина құрамасындағы соңғы матчы алдында пікір білдірді
Hector Vivas - FIFA/Getty Images

Аргентина құрамасы мен америкалық "Интер Майами" клубының шабуылшысы Лионель Месси ұлттық құрамадағы қоштасу матчы алдында әсерлі пікір білдірді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Аргентиналық футболшы соңғы кездесуге дайындық барысында командаластарымен бірге жаттығу өткізіп, ұлттық құрамадағы сәттерді сағынатынын жеткізген.

"Мен міндетті түрде сағынатын ерекше сәттер", – деді Месси.

Месси Аргентина құрамасындағы мансабын аяқтайды

2026 жылғы әлем чемпионатының финалында Испаниядан жеңілгеннен кейін Лионель Месси ұлттық құрамадағы мансабын аяқтайтынын мәлімдеген.

Оның қоштасу матчы 6 қазанда Буэнос-Айресте өтеді. Аргентина жолдастық кездесуде Бенин құрамасымен ойнайды.

Бұл Лионель Мессидің Аргентина ұлттық құрамасының жейдесіндегі соңғы ойыны болмақ.

Месси – Аргентина футболының аңызы

Лионель Месси Аргентина құрамасында 2005 жылы дебют жасады. Ұзақ жылдар бойы ұлттық команданың көшбасшысы әрі капитаны болды.

2021 жылы ол Аргентина құрамасымен бірге Америка кубогын жеңіп алды. Ал 2022 жылы Қатарда өткен әлем чемпионатында ұлттық құраманы чемпиондыққа бастап, турнирдің үздік ойыншысы атанды.

Месси Аргентина құрамасы сапындағы матч саны мен соғылған голдар бойынша рекордшылардың бірі. Сондай-ақ оның еншісінде Америка кубогы, әлем чемпионаты және "Финалиссима" жеңісі бар.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар