Отандық сейсмология ғылымның кешегісі мен бүгіні

Әлбетте, осындайда жер сілкінісі ке­зін­де одан қорғану шаралары, еліміз­де сейсмо­логия ғылы­мының даму деңгейі жә­не бұл сала­дағы басты ғылыми зерттеу ор­талығы – Сейс­мо­логия институтының бү­гі­ні мен ертеңі туралы сұрақтар туындайтыны – зан­дылық. Соларға жауап ретінде және зіл­зала қаупі басым аймақ­тар­да ме­кен­де­ген тұрғындар мен кейінгі жас ма­мандар үшін пайдасы болар деген ойменен осы қыс­қаша мақаланы жария етуді жөн көрдім.

Отандық сейсмология ғылымның кешегісі мен бүгіні
сурет: Петр Ковалев / ТАСС

Биылғы 23 қаңтарда түн ортасында Алматы қаласында  4-5 балдық жер сілкінісі сезілген болатын. Дүмпудің ымырт түскенде болуы әрі қалада көпқабатты үйлердің көбеюі сілкініс күшінің әсерін қалыпты деңгейден көтеріп жіберді. Ал алыпқашпа сөздер, жалған жорамалдар мен негізсіз байламдар тұрғындардың үрейін ұшырды. Бұқаралық ақпарат құралдары беттерінде әртүрлі пікір мен болжам айтылып, соңында мәселеге Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тікелей және жедел араласуы ғана дүрбелеңді басты.

Әлбетте, осындайда жер сілкінісі ке­зін­де одан қорғану шаралары, еліміз­де сейсмо­логия ғылы­мының даму деңгейі жә­не бұл сала­дағы басты ғылыми зерттеу ор­талығы – Сейс­мо­логия институтының бү­гі­ні мен ертеңі туралы сұрақтар туындайтыны – зан­дылық. Соларға жауап ретінде және зіл­зала қаупі басым аймақ­тар­да ме­кен­де­ген тұрғындар мен кейінгі жас ма­мандар үшін пайдасы болар деген ойменен осы қыс­қаша мақаланы жария етуді жөн көрдім. Еске салатын бір жайт – жалпы Қазақстанда сейс­мо­логиялық зерт­теулер XIX ғасырдың ая­ғы мен XX ғасырдың басында орыстың геог­рафиялық қо­ғамының 1920-жылдардың аяғынан бастап Ре­сейдің Ғылым академиясы күш­імен жүргізіліп отыр­ған. 

Сейсмологтардың арасында жер сілкінуін зерт­теудің даму барысы қандай да ел бол­ма­сын ірі сілкіністің болуына байланысты бас­талады деген пікір бар. Шынында да, Ор­­талық Азия елдері мен Қазақстанда сейс­мо­логия ғылымы дамуының жаңа кезеңі 1966 жылы елді дүр сілкіндірген Ташкенттегі жер сілкінісінен кейін басталды. Қазақстанда мә­селе лезде мемлекет тарапынан қолдау тауып, арнаулы қарарлар қабылданып, бұл шараны іске асыруға қыруар қаржы бөлінді. 1969 жылы Геологиялық ғылымдар институ­тын­да Сейсмология секторы, ал 1970 жылы Сейсмология бөлімі ашылды. Оның кеңсесіне Абай даңғылы мен Фурманов көшесінің қиы­лысқан жерінде жаңадан салынған ғи­ма­­раттың бірінші қабаты толығымен бө­лі­ніп берілді. Ұжымға сол кезде Қазақстан ай­мағында жұмыс істеп тұрған КСРО Ғылым ака­демиясының Жер физика институтының ке­шенді сейсмологиялық экспедициясына (КСЭ) қарайтын сейсмикалық стансалар бе­рілді. Бөлімде оншақты зертхана, жүзден аса қызметкер еңбек етті. Бөлімнің ая­ғы­нан нық тұрып кетуіне осы айтылған экс­педицияның ғылыми қызметкерлерінің және оның басшысы көрнекті сейсмолог-ға­лым И.Нерсесовтің еңбегі айрықша рөл ат­қарды. Қазақстанда сейсмология сала­сы­нан ғалымдарды дайындау да соларға жүктелді. Іле-шала, 1967 жылы, төрт жас маман аспи­ран­тураға қабылданды. Ал 1969 жылы бір топ сейсмология секторының қызметкерлері КСЭ-да жер сілкінісі туралы мәлеметтерді өң­деу саласынан оқып, тәжірибе алды. 1970 жы­лы осы бөлім негізінде Қазақстан Ғы­лым академиясында Сейсмология инс­ти­ту­ты құрылды. Институт директоры болып көр­некті ғалым, академик Ж.Ержанов та­ғайын­далды. Сәл кейінірек, институтқа әл-Фараби даңғылы бойында бесқабатты үлкен ғи­­марат, ал соның қасынан ұжым қыз­мет­кер­­­лері үшін көппәтерлі үй салынды. Әрине, бұл айтылған шаралар сол кездегі Қазақстан Үкі­меті басшыларының және Ғылым ака­демиясының президенті, академик Ш.Есе­новтің тікелей қолдауымен, басшылығымен жү­зеге асқанын айта кеткен жөн. 
Әдетте, сейсмология ғылымының айна­лы­­­­­сатын мәселесі өте көп. Солардың ішін­де халық шаруАашылығы үшін маңыз­ды­сы – екеу. Оның біріншісі аймақтың сейс­ми­ка­­лық қауіптілігін анықтау болса, екіншісі – жер сілкінуін алдын-ала болжау. Бұл екі ба­ғыт­­тың да түпкі мақсаты – болашақ зі­л­за­ла­ның зардабын азайту.
Биыл Қазақстанда сейсмология ғы­лы­мының бастау алғанына 56 жыл толып отыр. Өткен жылдар ішінде Сейсмо­ло­гия институты (1976 жылға дейін Сейсмо­ло­гия бөлімі) айтылған мәселелердің ғы­лы­ми негіздерін жасауға бағытталған көптеген ір­гелі және қолданбалы бағдарламаны іске асырып, ауқымды нәтижелерге қол жеткізді. Атап айтсақ, еліміздің оңтүстігінде және Ал­­маты қаласы маңында жер сілкінулерін жа­­зып алатын сейсмикалық стансалар жүйе­сі іс­ке қосылды. Одан бөлек, Медеуде, Түр­ген­­де және Күртіде сол кездегі Одақ көле­мін­­де теңдесі жоқ геофизикалық обсер­ва­то­рия­лар және Алматы қаласында Орталық сейс­микалық станса ашылды. Одақта бірін­ші болып әртүрлі сейсмикалық, геофизи­ка­лық, гидрогеологиялық және биологиялық ба­қылау жүйелерімен жабдықталған Алматы болжау полигоны іске қосылды. Полигон жұ­мысын жоғары деңгейде жүргізу үшін сейсмологиялық тәжірибелік-әдіс­те­ме­лік арнаулы экспедиция құрылды. По­ли­гон жұ­мысы кезінде алынған мәліметтерді тал­дап, саралап әртүрлі мерзімді болжау қо­­рытындыларын жасау үшін Ве­домст­воара­лық жер сілкінісін болжау комиссиясы жұ­мысын бастады. Сейсмикалық қауіптілікті анық­таудың және жер сілкінісін болжаудың әр­түрлі деңгейдегі ғылыми негіздері жа­сал­ды. Бірнеше дүркін Қазақстанның, оның об­­­лыстарының және қалаларының қауіп­тілі­гін анықтайтын сейсмикалық аудандау және ықшам аудандар карталары жасалып, құ­рылыс салу ережелеріне кіргізілді. Қытай, Жа­пон, Ресей, Орталық Азия елдерінің сейс­молог-ғалымдарымен бірге көптеген іргелі ғы­лыми зерттеу жүргізіліп, конференция, сим­позиум өткізілді. Ресейдің Жер физикасы инс­титутының белгілі ғалымдарының кө­ме­гі­мен, жетекшілігімен институт мамандары сейс­мология саласынан кандидаттық, док­тор­лық диссертациялар қорғады. Мұндай же­­тістіктерді тізе берсек, жүйелі жұмыстың же­­місі болғанын көруге болады. Алайда олар­­дың көбі өткен ғасырдың 70-80-жыл­дарынд­а іске асқанын есте ұстаған жөн. 
Өйткені сол жылдары сейсмология ғы­лы­мының дамуына мемлекет тарапынан әр­дайым көмек көрсетіліп отырды. Бірақ мұн­­дай жағдай 1980-жылдардың екінші жар­тысынан бастап күрт өзгерді. Еліміз ба­сынан кешірген қайта құру, КСРО-ның ыды­рауы, нарықтық экономикаға кіру және тағы басқа ірілі-кішілі реформалар отандық ғы­лым­ның дамуына кедергі болғаны анық. Қазақстанның Ғылым академиясы «Жауап­кершілігі шектелген серіктестік» (ЖШС) бо­лып өзгерді. Ізінше, «Сейсмология инс­ти­туты» мен «Сейсмологиялық тәжірибелік-әдіс­­­темелік экспедициясы» жауапкершілігі шек­телген серіктестікке айналып, Білім және ғы­лым министрлігіне берілді. Одан кейін «Ғы­лыми зерттеудің батыстық техно­ло­гия­сы­на көшу керек» деген желеумен Қазақ Ұлт­тық техникалық университетіне көшті. Кейін­нен ЖШС «Сейсмология институты», «Сейс­мологиялық тәжірибелік-әдістемелік экс­педиция» деген атпен Төтенше жағдайлар ми­нистрлігінің құрамына кірді. Ал 2023 жыл­дың аяғында бұл сейсмологиялық ме­кемелер осы министрлікте біріктіріліп «Ұлт­тық сейсмологиялық бақылау және зерт­теу орталығы» болып құрылды. Осы өз­ге­рістердің біреуі де сейсмология ғылымы­ның дамуына оң әсерін тигізген жоқ. Кері­сін­ше, ғылымды қаржыландыру ауқымы тө­­мендей берді. Бүкіл институт қыз­мет­кер­лері­нің айлап жалақысыз демалысқа жі­бе­ріл­­ген кездері де болды.
Еңбекақы төмен және тұрақсыз болуы­нан ғылыми қызметкерлер, ғалымдар ғы­лымнан кетуге мәжбүр болды. Ал өт­кен ғасырдың 70-80-жылдары қызмет іс­те­ген ғылыми кадрлар зейнетке шығып, нә­­тижесінде кадрлар тапшылығы пайда бол­ды.
Кезінде Сейсмология институты мен Қаз­ҰТҮ-нің бұл мәселені өз күштерімен ше­шу үшін бірнеше дүркін әрекет жасағаны белгілі. 2000-жылдардың басында ҚазҰТҮ-нің Геофизика кафедрасында «Сейсмология» мамандығы ашылып, бірнеше топ студенттер оқуға түсіп, аталмыш мамандық бойынша дип­лом алып шықты. Сонымен қатар ғылы­ми қызметкерлер білімін көтеріп, тағылым­дама алу үшін сейсмология ғылымы жақсы да­мыған Қытай, Жапония елдеріне ұзақ­мер­зім­ді іссапарға жіберіліп тұрды. Бірақ инс­ти­тутта жас мамандарға оңтайлы жағдай жа­салмағандықтан, қазір олардың бірлі-жа­рымы ғана сейсмология саласында қызмет істеп жүр. Егер жастарды қызықтыратын тұр­ғын үй, жоғары жалақы сынды әлеуметтік жағ­дайлар жасалатын болса, кадр тапшылы­ғын жою үшін жоғарыда айтылған тәжіри­бені қайтадан жаңғыртуға болады.
Тағы бір айта кететін жайт, Қазақстанда әлі де болса сейсмикалық жағдайы нақты анық­талмаған аймақтар бар. Олардың сейс­ми­калық қауіптілігін анықтау үшін қазірден бас­тап заманауи құралдардан жабықталған жаңа сейсмикалық бақылау жүйелерін құру ке­рек. Сонымен қатар Батыс Қазақстан өлке­сінде мұнай, газ кен орындарын көп жылдар бойы қарқынды игеруге байланысты тех­но­генді сілкіністердің пайда болу мүмкіндігі де ғалымдардың көңілін алаңдатуда. Олардың сейсмикалық жағдайын тұрақты түрде ба­қы­лап, зерттеу үшін жергілікті, ықшам бақы­лау жүйелері болу керек. Сонымен қатар сейс­мология ғылымының негіздерін зерт­теу­ге бағытталған теориялық жұмыстардың ке­рек екенін ұмытпаған жөн. Дегенмен де жо­ғарыда айтылған кадр, қаржы тапшы­лы­ғы, құрал-жабдықтардың ескіруі сынды қиын­шылықтарға қарамастан «Сейсмология инс­титуты» мен «Сейсмологиялық тәжіри­бе­лік-әдістемелік экспедиция» әртүрлі ғы­лы­ми зерттеу бағдарлама аясында өзіне жүк­телген міндеттерді абыроймен атқарып келеді.
Әдетте, сейсмология ғылымы туралы сөз бол­ғанда, Алматы қаласының сейс­микалық қауіптілігі жайлы айтпай кетуге болмайды. Тарихи деректер бойынша қ­ала екі рет (1887, 1911 жж.) 9-10 балдық жер сілкінуін басынан кешірген. Сондықтан да Алматы облысы мен Алматы қаласының сейсмикалық жағдайы әрқашанда институт ғалымдарының назарында. Жақында ғана Алматы облысының жаңа халықаралық д­әре­­­­жедегі технологиялық принциптерге не­гізделген нақты ықтималдық сейсмикалық ау­дандар картасы жасалды. Алматы қала­сы­ның жердің беткі қабаттарының сілкініс кү­шіне әсерін анықтайтын ықтималдық сейсмикалық ықшамаудандау картасы да қазір іске қосылған. Қаланың сейсмикалық берік құрылыс салудың мемлекеттік стан­дарты болып саналатын арнаулы ережелері де бар. Ендігі қалғаны айтылған құжаттарға сүйе­ніп, берік құрылыс салу.
Жоғарыда айтылғандай, сейсмология ғы­лымының тағы бір басты мақсаты – ол зіл­заланы алдын ала болжау. Бұл тұрғыда Қа­зақстандағы жер сілкіну қауіптілігі ғалым­дар­дың үздіксіз бақылауында. Бұл зерт­теу­лердің басты орталығы болып «Сейсмология инс­титуты» мен «Сейсмологиялық тәжі­ри­бе­лік-әдістемелік экспедициясы» саналады. Соң­ғы өзгерістерге сәйкес олар қазір Төтен­ше жағдайлар министрлігі «Сейсмологиялық бақылау және зерттеулер ұлттық ғылыми ор­талығы» деп аталады. 
Сейсмология институты ғалымдары бол­жам саласында үш сатылы стратегияны қол­данады. Бұл стратегия бойынша болжам жүйе­сі үш кезеңнен тұрады. Олар ұзақмер­зім­ді (жылдар), ортамерзімді (айлар) және қыс­­қамерзімді (тәуліктер, апта). Ұзақ­мер­зім­ді болжам деп алдағы 5-10 жылдар, ал орта­мер­зімді болжам деп 12 ай аралығында күш­ті жер сілкініс ошақтары орнала­са­тын ықтимал аймақтарды бөліп көрсетуді айтады. Қысқамерзімді болжам кезінде жа­қын арада болатын (тәуліктер немесе апта) ықтималды жер сілкінісінің орны, күші (магнитудасы) жоғары дәлдікпен анықталуы қа­жет. Қазір ұзақ және ортамерзімді бол­жам­дар аясында үміттендірерліктей қо­ры­тын­ды­лар алынуда. Сондай-ақ жүргізілген іргелі ғы­лыми зерттеулер нәтижесінде сапасы жо­ғары ұзақ және ортамерзімді сейсмикалық болжау карталарын жасауға мүмкіндік туды. Мұндай карталар ықтималды зілзала апа­ты­нан туындайтын шығын мөлшерін азайту мақ­сатында, алдын-ала республикалық директивті органдардың сақтану шараларын жүргізуі үшін кеңінен пайдаланылуда. Ұзақ жә­не ортамерзімді болжам карталарын жа­сау бүгін әлемде дамыған жер сілкінісі дайын­дық модельдеріне қоса Сейсмология инс­титутында жасалған сейсмикалық ре­жим­нің, ірі сілкіністердің пайда болуының жә­не болжам модельдеріне негізделген. Қыс­қа­мерзімді болжам мәселесіне келетін бол­сақ, мұндай зерттеулер арнайы құрылған бол­жам полигондары аясында жүргізіледі. Мұн­дай полигон Қазақстанда тек Алматы о­б­лысы аймағында орналасқан. Қазір де бұл по­лигонда үздіксіз режимде 50-ден астам сей­смологиялық, геофизикалық, гидро­хи­мия­лық, деформациялық және өзге де стан­салар жұмыс істеуде (әкімдік тұрғыдан олар «Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедиция» құрамына кіреді). Аталмыш стан­салардан алынған мағлұматтар шұғыл (оперативті) түрде Сейсмология инсти­ту­ты­на жеткізіліп, оның құрамындағы ғылыми зерт­ханаларында өңделіп, талданады. Жеті­сі­не бір рет бұл нәтижелер Сейсмология инс­титутында арнайы құрылған болжам комиссиясында жан-жақты қаралып, жақын тәуліктер аралығында күшті жер сілкінісі ықтималдығы жайлы қорытынды шешім қабылданады. Шешім Төтенше жағдайлар, Білім және ғылым министрліктеріне, Алма­ты қалалық және облыстық әкімдіктеріне жә­не де басқа да арнайы өкілетті құры­лым­дар­ға жіберіледі. Іс жүзінде, менің осы Сейс­мо­логия институтында (1976 жылға дейін сейсмология бөлім) істеген жарты ғасырдан ас­там уақыт арасында талай рет қысқа­мер­зімді болжам берген кездеріміз болды. Өкі­ніш­ке қарай, егер болжам туралы мағлұмат «сыртқа» шығып кетсе, көрсетілген аймақта мін­детті түрде дүрбелең басталады. Мұндай оқи­ға 2009 жылы Тараз қаласында болды. Беріл­ген қысқамерзімді болжам белгісіз себептермен халық арасына тарап, лезде алып­қашпа сөздер, дүдәмал жорамалдар бел ал­ды. Әсіресе, Тараз қаласынан жоғары орна­лас­қан «Киров су қоймасының бөгеті қирап, су тасқыны Таразды жуып кетеді» деген қауе­сет тұрғындарды қатты абыржытып, олар­дың үрейін ұшырды. Қала халқы реті кел­ген көлікпен жан-жаққа қаша бастады. Би­лік органдары жағдайды әрең дегенде қал­­­пына келтірді.
Соңғы кезде ғалымдар арасында шұғыл (оперативті) болжам жөнінде пікірталас жү­ріп жатыр. Бұл болжам бойынша алдағы са­ғат­тарда немесе бір тәулік ішінде болатын зіл­заланың күші, орны аса дәлдікпен аңық­талуы қажет. Болжам нәтижесінде жалпы­ла­ма дабыл қағылып, тұрғын халық қауіпсіз аймақтарға көшірілуі керек. Әрине, кейінгі кезде қазіргі заманауи әдістерді пайдалана оты­рып, мамандардың жер сілкінісі бола­ты­ны туралы шұғыл болжам айтқан кездері де болды. Бұл саладағы жетістіктердің қатары­на 1975 жылы 4 ақпандағы Қытайдың Ляо­нин провинциясындағы Хайчен қаласында бол­ған магнитудасы 7,3 күші 9 балл күшті зілзала апатын атап өтуге болады. Дер кезін­де халық зілзала қауіптілігі туралы хабардар етіліп, арнайы қызмет органдарының дайын­­дық деңгейі көтеріліп, қажетті іс-ша­ра­лар толығынан қолға алынды. Дабыл қа­ғыл­ғаннан кейін бірнеше сағаттан кейін бол­ған апаттан жүздеген үй, мекеме, зауыт қи­рады. Уақытында айтылған болжамның ар­қасында тұрғын халық арасында шығын аз болды.
Тағы бір оқиға 1887 жылы 9 маусымда Ал­маты қаласының оңтүстігінде бол­ған магнитудасы 7,3 (күші 9-10 балл) Верный апа­тының алдынан 5 минут бұрын күші 5 бал­дық дүмпу (форшок) сезіліп, қала тұр­ғын­дарының көбі далаға қашып шығып, аман қалған. Тап осындай жағдай 1970 жылы 5 маусымда Солтүстік Қырғызстан айма­ғын­да болған магнитудасы 6,8 (күші 8-9 балл) Сарықамыш зілзаласы кезінде де болған. Негізгі сілкіністен 11 минут бұрын күші 4-5 балдық форшоктың әсерінен тұрғындар далаға шығып үлгерген. Іс жүзінде шұғыл бол­жам саласында басқа да сәтті болжамдар бол­ған. Дегенмен олардың саны көп емес. Өкі­нішке қарай, бүгінгі таңда арнайы за­ма­науи аспаптардың жетіспеуі, бақылау пункт­те­рінен алынған деректерді орталыққа жет­кізу және оларды оперативті режимде өң­деудің автоматтандырылған өңдеу жүйе­сінің болмауы аталмыш зерттеулерді жоғары дең­гейде жүргізуге мүмкіндік бермей отыр. Сон­дықтан да жер сілкінісін алдын-ала шұ­ғыл­мерзімді болжау – әзірге сейсмологияның болашақтағы басты проблемасының бірі болып қалуда. Осы тұста айта кететін жәйт, қыс­қа, шұғылмерзімді болжамдарға қатал та­лаптар қойылады. Іс жүзінде мұндай бол­жамдарда ықтималды жер сілкінісінің бо­ла­тын орны, күші мен уақыты жоғары дәл­дік­пен анықталуы қажет. Олай болмаған жағ­дай­да, болжам жасалған аймақ үшін бұл үл­кен зардап әкелуі мүмкін. Халық арасында әлеу­меттік дағдарыстар туындап, іскерлік бел­сенділік төмендеп, экономикалық құл­ды­рау сынды өзгерістер болуы ықтимал. Осы орай­да, ғалымдар арасында «жер сілкінуін бол­жаудың сенімділігі өте жоғары, шын­дық­қа жанасатын тәсілдері табылғанша болжам беру­ге болмайды» деген пікір де бар екені жа­сырын емес. Бұл жөнінде айтарым, жер сіл­кінуі көптеген себеп пен (факторлардың) әсердің өзара байланысының нәтижесінде пай­да болатын табиғаттың күрделі құбы­лыс­тарының бірі. Сондықтан да оны зерт­теуге, кейінгі кезде ғылым мен техниканың бі­раз салаларында кеңінен таралған, ық­ти­мал­дық теориясының қағидаларын қолдану жөн деп ойлаймын. Бұл теория ұстанымдары бойынша зерттеу нәтижелері зілзала болу мүм­кіндігі, тіпті аймақтың сейсмикалық қауіп­тілігі де ықтималды шамалармен анық­та­лады. Сондықтан да зілзаланы болжау бары­сында ықтималдығы аз мүмкіндіктерді де іс жүзінде пайдалану керек. 
23 қаңтарда болған жер сілкінісінен кейін БАҚ-та зілзаланы алдын ала хабарлау жүйе­сі туралы көптеген сұрақ, пікір туын­да­ды. Шынында да, мұндай жүйенің ғылыми дәйек­темесі зілзала әсерінің ошақ магни­ту­да­сына байланысы, оның арақашықтықта та­ралу жылдамдығы және ірі сілкіністердің пайда болу зоналарының аймақтық таралуы және тағы басқа ғалымдарға белгілі фи­зи­ка­лық заңдылықтарға негізделген. Соңғы жыл­дары жүйені құрып, іске қосу үшін Тө­тен­ше жағдайлар министрлігі жиырмадан ас­там арнаулы сейсмикалық стансалар са­тып алып, оларды Алматы маңына орна­лас­тыр­ған. Ал хабарлау жүйесінің әдістемелік не­гіз­дерін Сейсмология институтының ма­мандары жасап, оның нәтижелерін Төтенше жағ­дайлар министрлігінің салалас депар­та­мен­­тіне берген. Төтенше жағдайлар ми­нистр­­лігі өкілдерінің баспасөз бетіне берген хабарлары бойынша жүйе жұмысқа жа­рам­ды деп табылған. Ол қазір тестілеу және тех­никалық тексерістен өткізілуде көрінеді. Жүйе қаладан қашықтығы 60 шақырымнан аспайтын жақын зілзаланың Алматыға әсе­рін 5-10 секунд, ал 200 шақырымдай алыс сіл­кіністі бірнеше ондаған секунд бұрын ха­барлай алады. Әрине, ол жүйе толығымен ав­томаттандырылған кезде ғана іске аса­ты­нын есте ұстаған жөн. 
БАҚ бетіндегі соңғы ресми хабарлар бойын­ша 23 қаңтардағы сілкіністен кейін Ал­маты қаласында 69 адам жарақат алып, 3 ере­сек адам және 5 бала ауруханаға түскен. Қа­лада арагідік болып тұратын қатардағы 5 бал­ды сілкініс салдарының қалыпты жағ­дай­дағыдан биік болуының кейбір себеп­те­рін осы мақала басында келтіргенмін. Бірақ оның ең басты себебі зілзалаға қарсы дайын­дық деңгейінің төмен болуында деп ой­лай­мын. Сейсмикалық белсенді аймақтарда ерте ме, кеш пе күшті жер сілкіну болуы сөзсіз. Сон­дықтан да халық арасында кең тараған «бү­гін немесе биыл бола қоймас» деген сал­ғырт­тық – бұл жерде орынсыз. Әрбір адам жер сілкінуі туралы деректерді жеке мең­ге­ріп, егер мұндай бола қалған жағдайда өзін-өзі қалай ұстайтынын, қандай әрекет, іс-қы­мыл жасайтынын жетік білуі керек. Табиғи апат­қа алдын-ала психологиялық түрде дайын болу, қиын-қыстау жағдайда өте шұ­ғыл (автоматты) дұрыс шешім қабылдауға мүм­кіндік береді. Мұндай сәтте әр адамның өмірі тек өзінің ғана қолында десек, артық айт­қанымыз емес. Осыған мысал ретінде жо­ғарыда айтылған Алматы қаласының жа­нында 1887 жылы болған Верный жер сіл­кі­нісін келтіруге болады. Апат кезінде 332 адам қаза болып, 800-дей тұрғын жарақат­тан­ған. Қаладағы 1 799 кірпіштен салынған үйлер толығымен қираған. Бірнеше ондаған тұрғынның психикасы бұзылып, 7 адамның есі адасқан. Бұл деректер келесідей қоры­тын­ды жасауға мүмкіндік береді. 1865 жыл­дан бастап салынған қала тұрғындар ішінде ірі­лері де бар біраз жерасты дүмпулерін бас­тан кешірсе де, аймақтың сейсмикалық қауіп­тілігі дұрыс анықталмаған. Нәтиже­сін­де, тұрғын үй салуға жергілікті арзан құры­лыс материалы саман-кірпішті қолдануға рұқ­сат етілген. Ал олар жоғарыда айтыл­ған­дай толығымен қирап қалған. Абырой бол­ған­да, негізгі апат алдынан 5 минут бұрын 5 бал­дық форшок (шұғыл болжамның бір бел­гісі) болып, қала халқы далаға шығып үл­герген. Әйтпесе, адам шығыны бірнеше мың­дап саналатын сөзсіз еді. Қаза болған 332 адамның жартысына жуығы жас ба­ла­лар, ал екінші жартысы түрмеге қамалғандар бол­ды. Мұның себебі, форшок кезінде ересек адамдар жас балаларын тастап, өздері қа­шып шыққан. Ал түрме қарауылшылары абақ­тыда отырғандарды ұмытып, түрме есік­тері апат кезінде жабулы күйінде қалған.
Міне, бүгін келтірілген қысқаша мәлі­мет­тер зілзала апатына қарсы дайын­дықтың қандай түрі (мемлекет дең­гейін­дегі, ұжым аумағындағы немесе жеке аза­маттар арасындағы) болса да, жоғары дәре­жеде болу керек екенін көрсетеді. Сөз соңында айтарым, қазір қоғамда және билік органдарында отандық ғылымға деген оң пікір қалыптасып келе жатқаны белгілі. Қа­зақстан Ғылым академиясы Президенттің ті­келей қарамағына көшіп, мәртебесінің өсуі осының бір дәлелі деп ойлаймын. 23 қаңтар­да болған жер сілкінісіне байланысты, Пре­зи­дент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыға шұ­ғыл ұшып келіп, қаланың сейсмикалық қауіп­сіздігі туралы арнайы жиын өткізіп, құ­зырлы органдар мен мекемелерге тап­сыр­ма­лар жүктегені Қазақстан сейсмология ғы­лымының жай-жағдайы Президенттің на­зарынан тыс емес екенін көрсетті. Жақын­да ғана Алматы қаласының әкімшілігінде Сейс­микалық қауіпсіздікке бағытталған жаңа басқарма құрылды. Олай болса, сейс­мология ғылымын көптен ақсатып жүрген қар­жыландыру мәселесі де жақын арада өз ше­шімін табар деп үміттенемін. Ата-бабамыз жер сілкінуін зілзала деп тегін атамаған. Ол – тіл­сіз жау. Атам қазақ «Елу жылда – ел жаңа» дей­ді. Олай болса, келешек жылдары да өзім 56 жыл тер төгіп келе жатқан, Қазақстанның сейсмология ғылымы мен Сейсмология инс­ти­тутының жақсарып, жаңарып, жаңа та­быс­тарға жете беретініне кәміл сенемін.

Алуадин СЫДЫҚОВ,
 Ұлттық жаратылыстану ғылым академиясының академигі, 
физика-математика 
ғылымдарының докторы, 
профессор