Астанада балалар ұйықтап жатқан үйдің шатырын қиратқан – Журналист

/
Астанада балалар ұйықтап жатқан үйдің шатырын қиратқан – Журналист
коллаж :turkystan.kz

Белгілі журналист Гүлмира Әбіқай әлеуметтік желіде иесінің рұқсатынсыз сүріліп жатқан үйдің видеосын жариялады, деп хабарлады turkystan.kz.

Астанадағы үйді сүруге әрекет жасалған кезде ішінде кішкентай балалар болған. Бұл туралы үй иесі Гүлмира Тлеубаева жасаған видеосында мәлімдеді.

Оның айтуынша, сол сәтте өзі де, күйеуі де үйде болмаған. Әйелдің айтуынша, дәл сол уақытта арнайы техника үйді бұза бастаған.

«Дәл менің балаларым жатқан бөлменің төбесін бұзған мына кісілер, екі балам шошып оянған», — дейді ол видео жазбада. Сондай-ақ, әйел болған жайтқа наразылық білдіріп, биліктен осы жағдайға назар аударуды сұрайды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары