810
2 түнді ұйқысыз өткізу 4 жасқа қартайтады – зерттеу
Proceedings Of Royal Society журналында жарияланған екі бөлімнен тұратын зерттеуде ғалымдар осындай тұжырымға келгенін хабарлаған.
2 түнді ұйқысыз өткізген адам 4 жасқа қартайғандай күй кешеді. Proceedings Of Royal Society журналында жарияланған екі бөлімнен тұратын зерттеуде ғалымдар осындай тұжырымға келгенін хабарлаған.
Бұл туралы New York Post жазды.
Ал жеткілікті демалу керісінше әсер етеді, яғни тыныш ұйықтаған адамдар жасарғандай күй кешеді екен. Адам неғұрлым ересек болса, ұйқысыздық оның қартаюына соғұрлым қатты әсер етеді екен.