Еуропа чемпионатына іріктеу: Грекия-Қазақстан ойыны қашан, қайдан көрсетіледі?

Шешуші матчты қалт жіберіп алмаңыз

Еуропа чемпионатына іріктеу: Грекия-Қазақстан ойыны қашан, қайдан көрсетіледі?
ҚФФ

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы 21-інен 22-іне қараған түні Ұлттар лигасының плей-офф кезеңінде сырт алаңда Грекиямен кездеседі, деп жазады turkystan.kz.

Бұл кезеңде Ұлттар лигасының С дивизионында жеңіске жеткен 4 команда Еуропа чемпионатына қатысу мүмкіндігіне таласады.

Бір жұпта Қазақстан құрамасы Грекия командасына қарсы ойнаса, екінші жұпта Грузия мен Люксембург командалары өзара кім мықтыны анықтайды.

Грекия-Қазақстан ойынының тікелей көрсетілімін Астана уақытымен түнгі 00:45-те Qazsport телеарнасынан көруге болады.