Балуандардан Олимпиада жолдамасы үшін кім таласады? Федерация тізім жариялады

Өткен аптада Олимпиадаға жолдама алған боксшылар есімі белгілі болған еді. Ендігі кезек балуандарда.

Балуандардан Олимпиада жолдамасы үшін кім таласады? Федерация тізім жариялады
olympic.kz

19-21 сәуір күндері Бішкекте (Қырғыз Республикасы) өтетін күрестен Азия аймақтық іріктеу турниріне қатысатын балуандар тізімі жарияланды, деп хабарлайды turkystan.kz күрес федерацияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Париж Олимпиадасының жолдамасына таласатын балуандар тізімі мынадай:

Грек-рим күресі:

60 келі: Айдос Сұлтанғали

67 келі: Мейіржан Шермаханбет

77 келі: Демеу Жадыраев

97 келі: Олжас Сырлыбай

130 келі һ: Әлімхан Сыздықов.

Еркін күрес:

57 келі: Ерасыл Мұхтарұлы

65 келі: Майис Әлиев

74 келі: Нұрғожа Қайпанов

97 келі: Әлішер Ерғали

125 келі: Юсуп Батырмұрзаев

Әйелдер күресі:

50 келі: Лаура Ғаниқыз

53 келі: Жұлдыз Ешімова

57 келі: Эмма Тисина

62 келі: Ирина Кузнецова

68 келі: Елена Шалыгина

76 келі: Жәмила Бақбергенова