«Қылмыстық іс қозғалды»: 2 жасар бүлдіршін балабақшада көзін жарақаттап алған

Оқиға 5 наурызда Құрманғазы ауданындағы Сафон ауылында болған.

«Қылмыстық іс қозғалды»: 2 жасар бүлдіршін балабақшада көзін жарақаттап алған
Балабақша. Фото: pixabay
984

Атырау облысында 2 жасар бала балабақшада жарақат алған. Осыған байланысты  қылмыстық іс қозғалды. 

Оқиға 5 наурызда Құрманғазы ауданындағы Сафон ауылында болған. Осындағы «Боташым» балабақшасында 2 жасар бала көзін жарақаттап алғаны анықталған.

Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, балақайдың жарақат алуына байланысты қылмыстық іс қозғалған.

«Құрманғазы ауданының Сафон ауылында орналасқан балабақшада 2 жастағы сәбидің көзінен жарақат алу дерегіне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Баланың жарақатына байланысты сот-медициналық сараптама тағайындалды. Балабақшада орнатылған бейнекамералардағы жазбаларды зерделеу басталды. Балабақша қызметкерлерінен жауап алынып жатыр», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Серіктес жаңалықтары