Александр Бублик алғаш рет әлемнің 20-ракеткасы атанды

Бұл — Александр Бубликтің спорттық жолындағы ең үздік, рекордтық көрсеткіші.

Александр Бублик алғаш рет әлемнің 20-ракеткасы атанды
Қазақстан теннис федерациясы

Кәсіби теннисшілер қауымдастығы (ATP) жаңартылған рейтингті жария етті, деп хабарлады turkystan.kz.

BasSport.kz сайтының дерегінше, өткен аптада Дубай АТР 500 турнирінің финалына дейін жеткен Қазақстанның көшбасшы теннисшісі Александр Бублик рейтингіде 23-тен 20-ға көтерілді. Бұл — оның спорттық жолындағы ең үздік, рекордтық көрсеткіші.

Тағы бір қазақстандық Александр Шевченко 47-ден 51-ге сырғыса, Тенерифе (Испания) челленджер жарысының жеңімпазы атанған Михаил Кукушкин 165-тен 140-қа жоғарылады. Денис Евсеев 179-дан 180-ге, Бейбіт Жуқаев 190-нан 191-ге түсіп қалды.

Дмитрий Попко 309-дан 276-ға, Тимофей Скатов 272-ден 269-ға шықты. Жұптық сында Александр Недовесов 49-дан 45-ке көтерілсе, Андрей Голубев 70-тен 71-ге төмендеді.