«Мәңгі жүрегіміздесіз»: Ескендір Хасанғалиевтің келіні қайын атасы туралы естелік айтты

Ақмаржан Асылбекқызы жеке парақшасында қайын атасы туралы жазба жариялады.

«Мәңгі жүрегіміздесіз»: Ескендір Хасанғалиевтің келіні қайын атасы туралы естелік айтты
nstagram.com/akmarjan_asylbekkyzy
1190

Марқұм ҚР Халық әртісі, сазгер Ескендір Хасанғалиевтің келіні Ақмаржан қайын атасы туралы естелігін бөлісті. Бұл туралы turkystan.kz Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлады.

«Пойызбен жол тартып бара жатырмыз. Ол кісі пойызға мінгенді жақсы көретін. «Өзінше бір бөлек атмосферасы бар, ауасы бар» дейтін. Папа, жатқан жеріңіз жайлы болсын! Артыңызда Біржандай 15 балаға татитын ұлыңыз қалды. Тәтті немерелеріңіз бар. Қазақ халқына қаншама мәдени мұра өшпес музыкаңыз қалды. Демек, мәңгі жүрегіміздесіз. Сіздей ұлы кісінің, адамгершілігі мол, жаны таза кісінің келіні болу, Біржандай азаматтың жары болу, ұрпақ сүйіп жалғастыру – басыма қонған бақ. Әрбір сөзіңіз бен ақылыңызды ұмытқан жоқпыз. Адамдарды туғаныңыздан кем көрмей бар жүрегіңізбен жақсы көретінсіз. Маған деген ықыласыңыз ерекше болды. Дастархандағы ең тәтті мен дәмдіні маған қарай итеріп отыратыныңыз бүгінге дейін көз алдымда», – деді Ақмаржан. 

 

Серіктес жаңалықтары