Павлодар облысында жоғалып кеткен балықшының денесі табылды

Ер адамның денесі 13 сағат іздестіруден кейін табылды.

Павлодар облысында жоғалып кеткен балықшының денесі табылды
ТЖМ

Ақтоғай ауданында балыққа шыққан тұрғын көз жұмды, деп хабарлады turkystan.kz.

Pavlodarnews.kz сайтының мәліметінше, ер адамның денесі 13 сағат іздестіруден кейін табылды.

Ауыл тұрғыны 42 жастағы туысы бір күн бұрын қарда жүретін көлікпен балық аулауға шығып, қайта оралмағанын хабарлаған.

«Іздеу шараларына дереу полицияның жеке құрамы жұмылдырылды. Сондай-ақ қызметтік иттермен кинологтар, еріктілер қосылды. Тікұшақ техникасын қолдана отырып, іздестіру ұйымдастырылды», – дейді департаментте.

Тікұшақпен іздестіру нәтижесінде ер адамдың денесі Ақтоғай ауылындағы Ертіс өзенінің жайылмасынан үш шақырым жерде табылды.