Таңғы ас ішпеудің ағзаға әсері қандай?

Таңғы асты жиі ішпеу ағзаға қалай әсер етуі мүмкін?

Таңғы ас ішпеудің ағзаға әсері қандай?
Depositphotos
2306

«Ас – адамның арқауы» дейді халқымыз. Таңғы ас адамға күні бойы күш-қуат береді. Сондықтан ол құнарлы, пайдалы әрі ағзаға зиянсыз болуы керек. Ал кейбір адамдар уақыт тапшылығынан, тәбеттің болмауынан немесе артық салмақтан арылу мақсатында таңғы ас ішпей жүре береді. Таңғы асты жиі ішпеу ағзаға қалай әсер етуі мүмкін?

Қандағы қант деңгейі өзгереді 

Ұйқыдан тұрғанда қандағы қант деңгейі төмен болады. Толыққанды таңғы ас оны тұрақтандырады. Ал таңғы ас ішпеу, керісінше, қант деңгейінің бірден өзгеруіне әкеледі. Нәтижесінде, диабеттің даму қаупі артады.

Интеллектуалды қабілеттер нашарлайды

Таңғы астан адамның миы мен ағзасы қоректік заттарды, энергияны алады. Ал егер сіз таңғы уақытта нәр татпасаңыз есте сақтау, ойлау қабілетіңіз нашарлап, шешім қабылдауда қиындықтар туындауы мүмкін.

Метаболизм баяулайды

Тамақты қаншалықты сирек жесеңіз, соншалықты метаболизм баяу жұмыс істейді. Сол үшін таңғы ас ішпеу арқылы арықтамайсыз, керісінше салмақ қосып алуыңыз әбден мүмкін.

Иммунитет әлсірейді

Таңғы ассыз жүру ағзаны әлсіретіп жіберуі мүмкін.

Кешке тамақ көп жеп қоюыңыз мүмкін

Таңғы ас ішпейтін адамдар кешкі аста көп тамақтанады. Кешке көп тамақ жеу астың дұрыс қорытылмауына, ұйқының бұзылуына және артық салмақ қосып алуға ықпал етуі мүмкін.

Серіктес жаңалықтары