Астананың «Барыс» хоккей клубы Құрлықтық хоккей лигасы аясында өткен өз алаңындағы кездесуде омбылық «Авангардпен» ойнады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Кездесудің басында Райли Уолш пен Мэйсон Мореллидің шайбаларының арқасында алаң иелері жылдам екі гол соқты. Алайда бірінші үзіліске дейін қонақтар бір шайбамен жауап берді. Екінші кезеңде ресейлік команда есепті теңестірді.
Соңғы жиырма минутта Майкл Веккьоне, Әділ Бекетаев, Всеволод Логвин және Дінмұхамед Қайыржанның дәл соққылары арқасында астаналықтар фаворитті 6:2 есебімен ойсырата жеңді. Осылайша қазақстандық клуб алты ойыннан тұратын жеңіліс сериясын үзді.
18 қазанда «Барыс» өз алаңында қазандық «Ақ Барс» клубын қабылдайды.