Қазақстанда «Әскери баспана» ипотекасы қайта іске қосылады

/
Қазақстанда «Әскери баспана» ипотекасы қайта іске қосылады

Базалық мөлшерлеменің көтерілуіне байланысты екінші деңгейлі банктердің ипотекалық бағдарламалардың азайғаны байқалады. Осы ретте Қазақстан үкіметі тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін қолдау туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Азаматтарды қолдау мақсатында халыққа берілетін жеңілдетілген ипотекалық несие көлемі екі есеге арттырылады. Бұл тұрғын үйдің қолжетімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

«Аталған шаралар “Наурыз” және “Наурыз-Жұмыскер” бағдарламалары арқылы жүзеге асырылады. Осы бағдарламалар аясында несие көлемі 500 млрд теңгеге дейін ұлғайтылмақ. Сонымен қатар, сұранысқа ие “Әскери баспана” бағдарламасы қайта жанданады. Бұл жыл сайын кемінде жеті мың әскери отбасының қайталама нарықтан пәтер алуына мүмкіндік береді», – деп мәлімдеді үкімет.

Сонымен бірге құрылыс компанияларымен осы бағдарламалар аясында салынатын тұрғын үйлерге оффтейк-келісімшарттар жасалады. Бұл ретте құрылыс салушылар үш жылға дейін бағаны бекітіп ұстау жөнінде қарсы міндеттемелер қабылдайды.
 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары