Балжан Бидаштың сахналық образы жұртты таңғалдырды

Желі қолданушылары пікірлерін жаудырып жатыр.

Балжан Бидаштың сахналық образы жұртты таңғалдырды
instagram.com

«Егіз лебіз» жобасында әнші Балжан Бидаш футболдан Қазақстан құрамасының бұрынғы ойыншысы Ұлан Қонысбаевпен дуэт айтты, деп хабарлады turkystan.kz.

Танымал әнші Балжан Бидаштың жаңа сахналық образы елді таңғалдырды.

«25 жыл жасыл алаңда футбол ойнаған жігіт бірден үлкен сахнаға келіп, халықтың, камераның алдында жанды дауыста ән айтып, харизмасын көрсетіп, билеп, әнді абыроймен алып шықты. Сол үшін Ұланға рақмет! Жалпы «Егіз-лебіз» жобасындағы дуэтымыз, орындауымыз, образымыз, әніміз күтпеген жерден көрермен көзайымына айналды. Алдағы кезеңдерде дәл осылай шулап қолдасаңыздар шоу күте беріңіздер! Сонымен қатар менің оқырманым Ұланға құда түсіп жатыр екен. Екеумізді қыз бен жігіт етіп, қосып қойыпты. Онсыз болмайды ғой енді. Сол үшін бізді жоба соңына дейін қолдаңыздар!», – деп жазды өнер иесі. 

Желі қолданушылары пікірлерін жаудырып жатыр.

«Жас жігітпен күшті жарасады екенсіз», «Қасыңызда кез келген ер азамат красавчик», «Жаханның іші күйіп жатқан шығар», «Жұптың иісі шығып тұр», – деп жазды олар.