Атыраулық 5 жасар шахматшы ел чемпионы атанды

Атырауда ең кішкентай шахматшы тұрады

Атыраулық 5 жасар шахматшы ел чемпионы атанды
Атырау облыстық дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы
1300

Аты-жөні – Санжар Ермек. Жақында ақылдылар ойынына ден қойған ол шахматтың блиц түрінен Қазақстан чемпионы атанды.

Атырау облыстық Дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, 24 қаңтар мен 2 ақпан аралығында балалар арасында шахматтан ел чемпионаты Шымкент өткен.

Чемпионатқа еліміздің барлық өңірінен 600-ден астам бала қатысты. Атыраулық Санжар Ермек 6 жастағы балалар арасында шахматтың блиц түрінен бақ сынады. Бұл сайыста ол екі жүлдеге ие болды. Шахматтың блиц түрінен ел чемпионы атанды. Ал классикалық шахматтан қола жүлдеге иеленді, - деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Кішкентай шахматты өткен жылдың сәуір айында ағасы-әпкесімен бірге "Guw chess" шахмат клубына қатыса бастаған. Мұнда жаттықтырушы Диляра Ғабитовадан шахматтың қыр-сырын үйреніп жүр.

Санжар шахматты қатты ұнатты. Телефондағы ойындарға көңіл аудармайды. Ол 6 айда жақсы нәтиже көрсетіп, 4 және 3 разрядты иеленді. Былтырғы қараша айында 6 жасқа дейін балалар арасында Атырау облысының чемпионы атанып, Қазақстан біріншілігіне жолдама алды. "KSI chess Open" облыстық турнирінің жеңімпазы атанды, - дейді Диляра Ғабитова.

Серіктес жаңалықтары