Мейрамбек Бесбаевтың домбырасы тойда 15 миллион теңгеге сатылды (ВИДЕО)

/
Мейрамбек Бесбаевтың домбырасы тойда 15 миллион теңгеге сатылды (ВИДЕО)
Видеодан скриншот

Белгілі әнші, «МузАРТ» тобының мүшесі Мейрамбек Бесбаевтың 50 жас мерейтойына арналған тойда оның домбырасы аукционға шығарылып, қонақтар арасында қызу сауда болды. Аспаптың бағасы 15 миллион теңгеге дейін көтерілді, деп жазады turkystan.kz.

Той барысында әншінің достары оның домбырасын аукционға ұсынған. Алғашқылардың бірі болып ақын Ақберен Елгезек 4 миллион 400 мың теңге беруге дайын екенін жеткізді. Кейін аспапты 7,5 миллион теңгеге сатып алуға ниет білдіргендер табылды.

Осы кезде ортаға шыққан әнші Тоқтар Серіков домбыра үшін 10 миллион теңге ұсынды.

«Кім алса да, тарихта қалатын домбыра», – деді ол.

Алайда сауда мұнымен тоқтаған жоқ. Әнші Заттыбек Көпбосынұлы домбыраны 15 миллион теңгеге сатып алуға дайын екенін мәлімдеді. Осыдан кейін асаба аспаптың Заттыбекке бұйырғанын жариялады.

Дегенмен бұл көріністің нақты аукцион болғаны немесе тойдағы ойын-сауық бағдарламасының бір бөлігі екені әзірге белгісіз.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары